Ченнинг Татум қайта үйленбек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтың танымал актері Ченнинг Татум 10 жылдық отбасылық өмірден кейін, жұбайы Дженна Деванмен ажырасқан еді. Енді сері британдық әнші Джессика Джеймен көңіл қосса керек.

Ченнинг Татумның экс-жұбайымен ажырасқанына жарты жылдан асты. Актер енді жеке өмірін қолға алуды жөн көрген. Голливуд жұлдызы бірнеше айдан бері 30 жастағы әнші Джесси Джеймен уақытын өткізіп жүр. Жұлдызды жұптың қарым-қатынасы жайлы естіген табынушылары Джесси мен Дженнаның ұқсастығын бірден аңғарған. Татумның әнші қызға көңілі ауғанының бір себебі осы деседі.

***

Ресейлік рок-музыкант Сергей Шнуров та, жұбайы Матильдамен айырылысқан соң, бірнеше айдан кейін үйленуге шешім қабылдаған. «Ленинград» тобының мүшесі, сүйіктім деп жұртқа таныстырған Ольга есімді арумен, отау құруға дайындалып жүр екен. Жұлдыздың заңды некеге тұруға өтініш берген сәтін видеоға түсіріп алғандар да бар көрінеді.

***

Әлемге әйгілі Эд Ширан болса өзінің табысын жариялады. Музыканттың Ұлыбританияда ғана емес, дүние жүзі бойынша өнер көрсетуге шақыртулар алатыны белгілі. Бір тәулікте өнер иесінің қалтасына түсетін пайданың өзі 65 млн теңгені құрайды екен. Талантты Эд, қазынасын жылына 2 млрд теңгемен толықтыратын көрінеді. Ең ауқатты британдық әншілердің көшін бастаған Адельдің өзінде мұндай байлық жоқ.