Спорттың да өз беткеұстарлары бар. Мысалы күні кеше Хабиб Нурмагомедовтан жеңіліс тапқан Конор МакГрегор - өз алдына бір ерекше тұлға. Жүрген жері шоу-думан мен дау-дамайға ұласқан ирландиялық қалай өмір сүреді? Оның қарапайым ММА өкілінен миллионерге айналуының сыры неде?
Ко́нор Э́нтони Макгре́гор 1988-жылы 14 тамыз күні Ирландияның Дублин қаласында дүниеге келген. Бокс, таэквондо және грэпплингтен жинақталған оның төбелесе білу қабілеті, заманауи ММА алаңындағы ең тартымды мәнердің бірі саналады. UFC тұжырымына 2013 жылы аяқ басқан ол, алғашқы айқасында Маркус Бримейджді бірінші раунда техникалық нокаутпен жеңеді. Кәсіпқой масабында 21 жекпе-жек өткізіп, 4 мәрте ұтылған.
Қазуқанды МакГрегор қарсыластарын өткір тілімен мұқатып, сегізбұрышта жеңе білуімен өтімді. Даулы жарнама мен шулы шоудан тұратын оның әрі жекпе-жегі өзінің де UFC-дің де абыройын өсірді, танымал және ауқатты етті.
Конор ММА тарихындағы ең көп ақша тапқан спортшы. Хабибпен өткізген соңғы кездесуі үшін оның 15 млн доллар алған екен. Бұл ақылы трансляция мен билеттер сатылымынан түскен пайданы есепке алмағандағы сома. 3,5 млн доллар Нурмагомедовтің кепілді қаламақсы. 2017 жылы Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан МакГрегор 100 млн доллардан астам қаржыға кенелген еді.
Қымбат көліктер, зәулім сарайлар, жеке ұшақ пен стилді киім. Осының бәрі Конор Макгрегордың ажырамас бөлшегі. Ол 2007-жылдан бері Ди Девлин есімді сүйіктісіне үйленген. Екеуінің Джек атты 1 жасар ұлы бар. ММА шеберінің Дублиндегі мына үйі 2 млн долларды құрайды. Сонымен қатар ол жанұясымен Лас-Вегасте ауқаттылардың ауданында да тұрады. Бүгінде түррлі брендтердің бет-бейнесіне айналған. 20 жасында жұмыссыздығы үшін 188 еуро жәрдемақы алып жүрген ирландиялықтың, бүгінгі табысының сырын әркім өзінше пайымдайды.