Әдемі суреттерге жаны құмар Мадинаға, Gucci ұсынған фотоқосымша міндетті түрде ұнауы тиіс. Сән үйі Instagram-дағы өзінің жеке фильтрлерін ұсынды.
Әйгілі бренд ойлап тапқан жаңашылдықты ең алғаш болып француздық әнші СокО мен жазушы Адам Ли байқап көрген еді. Фотофильтр арқылы XVIII ғасырда кеңінен пайдаланылған париктермен суретке түсе аласыз. Алайда, бұл қосымшаның желі қолданушыларына қашан қолжетімді болатыны белгісіз. Еске салсақ, Gucci мұндай тың қадамға күні кеше тыныстырған су жаңа топтамасын жарнамалау мақсатында барған еді.