Талғаммен таңдалған образы арқылы Кейт Мосс көптің жүрегін жаулады. Британдық актриса Франция астанасына Сен-Лоранның топтамасын тамашалауға келген еді. Алайда, таныстырылған киім үлгілері жұлдыздың көңілінен шықты ма?
Әсерлі шоудың куәгері атануға асыққан Ро́узи Ха́нтингтон-Уа́йтли мен Кейт Мосс әуелі паппарацци алдында әбден бой түзеп, кейіннен орындарына жайғасты. Танымалдар тың топтама арасынан, өздеріне жаңа образ таңдап алуға ниетті еді.
Өнердегі әріптестеріне қарағанда, Синди Кроуфодтың мақсаты мүлде бөлек. Әйгілі сәнбике, қызы – Каяны қолдауға келген.
Ал, Сен-Лоранның көрсетілімі ел күткендей-ақ, жоғарғы деңгейде өтті. Әйгілі бренд топтаманы таныстыруға Париждың қақ ортасы, Эйфель мұнарасының маңын қолайлы санаған. Әсем көрініс, су бетімен жүріп өткен арулар әрбір мейманды бей-жай қалдырмағаны анық.
Сән үйінің тізгінін ұстаған Энтони Ваккарелло болса, бұл жолы киімдердің барлығын қара түсте әзірлеп шығарыпты. Жаңа үлгілерден барыс принтін де байқауға болады.
Бұл кештен соң, Эйфел мұнарасының жанына сән шеруіне қарсы жандар да жиналды. «РЕТА» жануарларды қорғау ұйымы фэшн-уиктің шырқын бұзбақ болды. Ұйымның басты талабы – әдеттегідей дизайнерлерді аң тересінен бас тартуға шақыру.
Изабель Гатз, «РЕТА» ұйымының мүшесі:
- «Армани, Версачи, Бербери» сынды көптеген брендттер аң терісінен қолданбауда. Бұл жақсы бастама дер едім. Сондықтан, Париж сән апталығынан бізді қолдауын сұраймыз!