Отандық жұлдыздар тағы бір өнерпаз аруға өз құттықтауларын жаудыруда. Салтанат Бақаева 31 жасқа толды! Халық арасында «Арнау» тобы арқылы танылған әншінің, ҚапҚарашкамен сахнада қайта өнер көрсетуі мүмкін бе?
Салтанатты қалың көпшілік «Арнау» тобы арқылы тани бастады. Алайда, Бақаеваның бағын жаққан, Нұржан екеуінің дуэті емес, «Қыз Жібек» қойылымының кастингі еді.
Кейіннен, іріктеу арқылы көзге түскен Салтанат, Нұржан Керменбаевпен бірге тың туындылар таспалай бастады. Ал тыңдарманның жүрегін жаулаған әндердің бірі – «Егіз лебіз».
Шығармашылығына шыңдап кіріскен Бақаева, театрдағы жұмысын ұмытпады. Мәселен ол, Мағжан Жұмабаевтың өміріне арналған «Жүз жылдық махаббат» туындысында екі бірдей кейіпкерді сомдап шыққан еді.
Салтанат Бақаева, актриса, әнші:
– Жас қыз актрисаның рөлін ойнаймын және екінші актіде Злиха апай өзінің жастық шағын есіне алып жатқанда, мен жастық шағының кезін ойнап шығамын.
Алайда, сахна деп, Салтанат өз отбасын ысырып қоюдан аулақ. Бүгінде, үш бүлдіршіннің анасы атанған ол, күйеуінің көңілінен шығу үшін арнайы аспаздық курстарға барып, таңқалтқаны тағы бар.
Салтанат Бақаева, актриса, әнші:
-Тәтті тағам пісіруге. Жалпы тамақ пісіруге уақыт пайда болғандықтан, жалпы осыған қызыға бастадым. Қолымнан келіп жатса өзім сондаймында ұнайды. Оданда қатты қызыға бастаймын...
Бүгінде өнер мен жеке өмірін қатар алып жүрген Бақаеваның болашаққа құрған жоспары жетерлік. Солардың негізгісі – есімін елге әйгілеген «Арнау» тобына қатысты.
Салтанат Бақаева, әнші:
-«Арнау» тобының бірнеше әнін жазып тастадық. Енді, сол әндердің біреуін таңдап бейнебаян түсіреміз деген жоспарымыз бар. Содан кейін, бір концерттер жасасақ, Қазақстанның түкпір-түкпіріне барып дегендей. Сондай жоспарымыз бар...