«Біріншісі бекер, кейінгісі шекер!» Бұл алғашқы некесі сәтсіз аяқталған Дидар Кәденнің түйгені. Десек те, серінің өткенге еш өкпесі жоқ. Енді екінші мәрте шаңырақ көтеруді көздеп жүрген көрінеді. Жеке өміріндегі жағымды жаңалықты толығырақ өнер иесінің өзі айтсын.
2015-ші жылдың қарашасында, Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде, дәл осы дүбірлі той өткен еді. Қуанышты күннің басты кейіпкерлері - Дидар мен Айым. Алайда, араға бір жарым салып, жас жұбайлардың екі жаққа кеткені белгілі болды. Қазір әнші жігіт бойдақ! Әлеуметтік желідегі посттары да романтикаға толы.
Соңғы кездері Дидар, қыздармен түскен суреттерін инстаға жиі жүктеп, поэзияға да құштарлығы оянып жүр...
Дидар Кәден, әнші, актер:
-Мен ақын емеспін негізі. Бірақ шумаққа төрт жолдып, өзімнің қиялымдағы аруларға немесе әзіл ретінде өзімнің инстаграмдағы парақшама саламын.
Әншінің нәзік жындылармен жиі жүздесуі тегін емес. Дидар сүйгенін жолықтырып, сәтін салса екінші рет шаңырақ көтеруді жөн деп шешіпті.
Дидар Кәден, әнші, актер:
-Өмір ғой! Талай нәрсе көріп жатырмыз, ағаларымыздан да естіп жатырмыз. Кейбіреулер түсінбей жатады. Бұл заманауи тенденция болып кетті дейді. Жоқ, бұл бір Аллаға ғана белгілі нәрсе. Бірақ Құдай қаласа, екінші рет шаңырақ көтерем.
Бірақ жұлдызды жанұяда, дәл қазіргі таңда келін тақырыбы талқыға түспейді. Өйткені Лидия ханым, ұлының тағы бір мәрте қателескенін қаламаса керек.
Дидар Кәден, әнші, актер:
-Келін тақырыбы шыны керек қозғалған жоқ әлі. Енді немересі бар. Ұлым өссін. Ол енді міндетті түрде күндердің күнінде болатын әңгіме ғой. Бірақ дегенмен әзірге 2-3 жылдың көлемінде, талқыланбайтын сұрақ-ау деп ойлаймын өзім.
Алғашқы жарымен қайта қосылу Дидардың жоспарында жоқ секілді және ол жайлы жақ ашуға да құлықсыздау.