Сара «Kat Florence»\Кәт Флоренсе компаниясымен келісімшартқа отырған. Актриса бұл компанияның әшекей бұйымдарын жарнамалап қана қоймай, өз образдарына да колдануға міндеттелген екен. Ал, жұлдыз бірде-бір шартты орындамаған. Тіпті, асыл тастарды да кері қайтармаған. Енді, Паркер ханым, заң алдында істі болмас үшін, 150 мың доллар төлеуі тиіс!
***
Бруно Марс кино әлемінде бағын сынамақ. «Netflix»-тің Принц+ есімді музыкант туралы фильмінде, басты рөлді сомдайды. Актерлық тәжірибесі аз болса да Бруно, бақилық болған әншіге деген құрметінің арқасында картинаға таңдалған. Себебі, кезінде Марстың өнерге деген шабытын оятқан Принц болса керек.
***
Актер Генри Кавилл «Warner Bros»\Варнер брОс компаниясымен жұмысын тоқтатты. Себебі өзінің кейіпкеріне Супермен туралы сиквелде енді, орын табылмаған. Танымал қаһарман «Темірден жасалған адам» картинасының жалғасында да бой көрсетуі керек еді. Ал, жоба авторлары, ғажайып батырдың рөлін Джеймс Бонд картинасының үлгісінде, кез-келген актер сомдай алады деп отыр.