Баян Алагөзова, Ерболат Беделхан мен Ләйлә Сұлтанқызы қызу пікір таласқа түсті. Танымалдар «Қазақстанда фан мәдениет қалыптасты ма?» деген сауал төңірегінде сөз қозғаған еді. Сонымен, жұлдыздардың тақырыпқа қатысты татымды не ой айтқанын тыңдап көрейік.
Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
-Қытайдың фанаттары сияқты, біздің фанаттар жұлдыздардың артынан елді-ел көшіп жүре алмайды. Бармайды байқасаңыз. Бізде фанат бола алмайды. Бізде фанат болу мәдениеті қалыптасқан жоқ.
Дәл осылай жанкүйерлік мәдениетті елімізде қалыптастыруды ұсынған Сұлтанқызының сөзімен, Ерболат Беделхан мүлде келіспейді. Продюсердің айтуынша, бүгінде «фанат бола білу» қазақ өнеріне таңсық ұғым емес.
Ерболат Беделхан, продюсер:
-Қалыптасты. Біздің тәжірибеміз бойынша қалыптасты. Қалыптаспаған деп айтуға болмайды. Тіпті, бұрынғы әртістердің өздері, сол жаңа ұғымды кью-поп мәселесін көтермей тұрғанда, фандом ұғымды көтермей тұрған кезінде бұрын ондай болмаған. Қазір 2-3 жыл ішінде трендке айналды.
Алайда, Беделханның бар еңбегін, танымал тележүргізуші жоққа шығармақ емес.
Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
-Жоқ, «Найти уан» ол жастар арасында - бір феномен ғой. Мен өзім жақсы көрем ол группаны. Ол өзіндік мәдениетті ақырындап қалыптсатырып келе жатыр. Дұрыс қой, ал оның формасын, подачасын Ерболат бір жақтан алды ғой негіз қылып.
Көтерілген мәселенің тоқ етерін Баян Алагөзова айтып қалды. Фан мәдениетке қатысты жұлдызды продюсердің өз шындығы бар.
Баян Алагөзова, продюсер:
-Білесіздерме, бізде билет сатып концерт жасайды. Кейіннен, көрермен жиналмағасын, дәл сол кешке тегін кіргізеді. Оның үстіне, өкінішке қарай, бізде 30 мың адамдық стадион жинайтын әртістер жоқ. Сондықтан, адамдар концерттерге тегін кіре алса, фан-клуб құрудың қажеті бар ма деген сұрақ туындайды.
Бірақ, барлығы уақыт еншісінде. Болашақта бұл да оңалар, деп Мақсатқызы өз сөзін түйіндеді.