Ерболат Беделхан күллі q-pop өкілдерін бір сахнаға жинамақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақ шоу бизнесіне жаңалық әкелдім деген Ерболат Беделхан, тағы бір тосын хабарымен таңқалдырды. Атышулы продюсер күллі кью-поп орындаушыларының басын қоспақ.

Күні бүгінге дейін дәл осы бағытта ән салатын жиырмадан астам ұжым құралған көрінеді. Енді, «Найнти уаннан» бастап, барлық топтардың бір сахнадан табылатын уақыт келді дейді музыкант.

Ерболат Беделхан, продюсер:

-Соның бір нәтижесі кью-поп фестиваль болуы тиіс болды. Осы жылы іс жүзінде асырдым, алғашқы кішігірім бастамасы. 20-қазанда, «Алматы аренада» бұйыртса алғашқы кью-поп фестивалі өтеді.