Ал, сән әлемін бағындыруға - Кендалл Дженнер, өзге әріптестеріне мін тағамын деп, өзі сынға ілікті. Сол қылығы үшін аруды «ғаламтордың арқасында абырой жинаған қуыршақ» деп айыптап жатыр.
Бірнеше апта бұрын «Love» журналына берген сұхбатында Кендалл, «өзге сәнбикелер сынды тер төкпей-ақ, танымалдылығым жетіп артылады» деген еді. Белгілі бикештің бұл сөзіне ренжіген әріптестері «Кардашьяндар әулетінің абыройы болмаса, сенің де жұлдызың жанбас еді» деп, қарымта жауап қатты. Кендалл енді ақталуға мәжбүр:
Ал, Кендалдың әпкесі Кортни Кардашьян жеке өмірімен әлек. Сүйіктісі Юнес Бенджиманың 2 жылдық қарым-қатынастан кейін опасыздық жасағаны мәлім болған соң, жұлдызды жұп айрылысып тынған еді. Алайда, Кортни 25 жастағы боксшыға тағы бір мүмкіндік беріпті.
Голливудтық танымалдар Рэйчел Вайс пен Эмма Стоун «Фоворит» атты АҚШ пен Ұлыбритания бірігіп таспалаған, тарихи лентаның трейлерін ұсынды. Картина, 18-ші ғасырдағы патшалық әулеттің өмірін суреттейді. 2019 жылдың, 31-ші қаңтарында жарық көретін фильмде, қос актриса таққа талас жолында түрлі шытырманға тап болмақ.