Ал, шет елдік тыңдармандарды тәнті қылған Димаш Құдайбергеннің, танымалдылығы күн санап артып келеді. «Жаңа толқын-2018» байқауына қонақ ретінде шақырылған қазақ баласының, вокалдық қабілеті ресейлік жұлдыздарға ерекше әсер сыйлаған.
Димаш «А-студио» тобының концертінде өнер көрсеткен болатын. Ол жас орындаушылар додасының жабылу салтанатында да ән шырқайды.
Айта кетейік, осы жылы «Жаңа толқынға» Қазақстанның атынан әнші Мадияр Жүнісов аттанған-ды! Алғашқы айналымда конкурсанттар «әлемдік хиттерді» орындады. Нәтижесінде отандасымыз 7-ші орынға жайғасты. Дода жеңімпаздары 9-шы қыркүйек күні анықталады.