Бейонсе 37 жаста

Сообщить о проблеме с эфиром

Бейонсе жаңа жасқа қадам басты. Танымал әнші туған күнін атап өтуге асығуда. Өзінің талатынмен әлемді мойындатқан R’n’B\ар-н-би орындаушының шығармашылық жолы қалай басталды?

Небәрі 9 жасында үлкен сахнаға қадам басқан Жизе́ль Но́улздың, 90-шы жылдары «Destiny’s Child» тобында өнер көрсетіп жүрген шағында жұлдызы жанды. Оның 2003 жылы жарық көрген алғашқы альбомы тыңдарманға майдай жағып, бірден «ең үздік» деп танылып, Грэмми марапатының 5 мәрте жүлдесіне ие болып, рекорд орнатқан еді.

«Бейонсе» есімін Ноулз, нағашы атасының құрметіне арнап иеленген. Сондай-ақ, әнші актриса ретінде 20-ға жуық картинада бой көрсетіп үлгерді. Ол шығармашылықтағы жетістігімнің сыры – тынбай еңбек ету мен жақындарымның қолдауы дейді.

Beyonce, әнші, актриса:

-Мен өзімнің жан дүниемдегі екінші жанды ояттым. Ол менің дәтім бармайтын барлық батыл әрекеттерді жасайды. Сол менің сахналық образыма айналды.

2002-ші жылы рэпер Джей Зи мен алғаш дуэт жазғаннан кейін, қос орындаушының қарым-қатынасы жайлы сөз тарайды. Алайда, тек 2008 жылы жұлдызды жұп отау құрған болатын. Қазір, олар 6 жасар Айви мен Сэр мен Руми есімді егіздерді тәрбиелеп отыр. Бейонсе мен Джей Зи, өздерінің «On the Run Tour» деп аталатын әлемдік турнесіне ең алғаш 2014 жылы аттанып, 19 концерттен 95 млн доллар пайда тапқан тандем.

Бірнеше ай бұрын, екінші рет әлемді шарлауға аттанған қос музыкант, 40 елде ән кештерін өткізуге ниетті. Олардың әуенді шеруі тек қазан айында өз мәресіне жетпек. 37 жасқа келген Бейонсені, бүгінгі туған күнімен анасы Тина Ноулз алғаш болып құттықтаған. Ал, өнер иесі бұл жолы айтулы күнін өз отбасымен атап өтуді жөн санаған екен.