Айгүл Иманбаеваның ұлына айтары...

Сообщить о проблеме с эфиром

Жасы қырықтан асқан Иманбаева болса, ұлының үйленуіне қарсылық танытуда. Жұлдызды ананың мұндай шешіміне, өз өміріндегі келеңсіз жайттар себеп болса керек. Айгүл бикеш, жауапкершіліктен жұрдай заманауи жігіттердің шынайы бет-пердесін ашуға әзірмін дейді!

Жаңа клипінде шет елдік жігітпен қол ұстасқан Айгүлді, осы жылы ақ келін атанады деп топшылады көпшілік. Алайда, Иманбаева қырықтан асқанда қылық шығарудан гөрі, ибалы келіннің үлгілі енесі болуды құп көретін сынды. Бірақ, қалыңдық таңдауға келгенде талғамы тым биік.

Айгүл Иманбаева, актриса, әнші:

-Келіншек алғаныңа араласамын деп айтамын. Мен араласамын. Ол оны біледі араласатынымды психологиялық тұрғыда. Себебі, мен міндетті түрде бірінші анасына қараймын.

Асылжан – бұрынғы ерлі-зайыпты Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаеваның ортақ некесінен туған ұл. Оның жақсы аруды жар еткенін қалайтын анасы, 20-дағы жігітке жауапкершілік жайлы да үнемі айтады екен.

Айгүл Иманбаева, актриса, әнші:

-Ұлым айтамын асықпа деп. Көп жігіттер үйленіп алады да жас кездерінде, орта жастан асқан кезде: «Мәссаған, мен әйелімді сүймей үйленіппін, менің жүрегім енді сүйді. Мен шатасыппын деп, 4-5 баласы болған кезде аһ-уһ» - деп басын ұрып отырады.

Ал, Асылжан үшін отағасы атану, әзірге үш ұйықтаса түсіне кірер емес. Жиырмаға енді аяқ басқан ол да, өнер адамдарының асығыс үйленгенін құптамайды.

Асылжан Сәбитұлы, А. Иманбаеваның ұлы:

-Мен өзім білуім бойынша, жеке тәжірибемде. Өнер адамы бар отбасында кішкене балаға махаббат көп бөлінбейді. Бөле алмай қалып жатады. Себебі, махаббаттың жартысы халыққа, жұмысқа кетеді. Мен өзім қашан дайын боламын, өзімнің ішімдегі махаббатым тек қана халыққа немесе жұмысыма емес, жеткілікті махаббат болса ұлы-қызыма, әйеліме беретін. Сол кезде үйленемін.

Бүгінде бұл отбасында жеке өмірден гөрі, өнер тақырыбы жиі талқыланады. Өйткені, Асылжан әке жолын қуып, «режиссер» мамандығын меңгеруде екен.