Венеция фестивалінде қазақстандық картинаның тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әншілер байқауға дайындалып жатқанда, еліміздің кіл мықты киногерлері айтулы Венеция фестивалінде бас қосуда. Бүгін, Эмир Байғазин «Өзен» атты картинасын италиялық көрерменге ұсынған еді. Самал Еслямова, бұл жерлесінің жеңімпаз атануына үлкен үміт артады.

Лидо аралына ағылған әлемдік жұлдыздармен қатар, фестивальге асыққан жерлестеріміз де жетерлік. Олардың бірі, «Алтын арыстаннан» үмітті болса, енді бірі шара аясында отандық туындылар трейлерлерін таныстыруға келген.

Қазақстандық делегация құрамында Самал Еслямованы да бар. Канн марапатының жеңімпазы, байқауға қатысып отырған Эмир Байғазин жүлдеге лайық деген ойда.

Самал Еслямова, акриса:

-Енді, Эмир Байғазинның фильмдерін осындай үлкен кинофестивальдерде көріп жүрміз. Ол кісі Қазақстан киносын осындай деңгейге көтеріп жүр. Оның өзіндік эстетикасы бар. Енді, осындай фестивальде конкурстант болу үшін өте жоғарғы деңгейде болу керек. Енді, ол кісіге сәттілік тілейміз.

Еске салсақ, Байғазин айтулы жарыста «Өзен» атты картинасымен, «Көкжиек» бағдарламасы аясында бақ сынамақ. Тұсауы Италияда кесілген туынды, Аслан есімді оқушы туралы трилогияның соңғы бөлімі.

Айсұлу Әзімбаева мен Шыңғыс Капин де Венециядан арнайы жүлдемен оралуға ниетті. Қос актер төбе көрсеткен Эльдар Шыбановтың картинасы да үміткерлер қатарында.

Талғат Теменов, режиссер:

-Кез-келген фестиваль бұл ең алдымен бүгінгі күннің жаңа фильмдерін көру ғана емес, сонымен бірге өзіміздің қазақ киносының, қазақ киноөнерінің бүгінгі биіктігін, шыққан асқар тауын көрсетуіміз керек.