Мектеп бітіріп, қоштасу кешіне бара алмай қалған жандарға, жұлдыздардың айтар жұбатуы бар! Мәселен, танымалдардың кейбірі кезінде киерге көйлек таппаған соң, айтулы шарадан бас тартқан екен. Шоу-бизнес өкілдерінің естеліктерін, тілшіміз тыңдап көрген еді.
Түлектер кешінде төбе көрсетпеген жұлдыздардың бірі - Сара Амангелі. Жоғарғы оқу ордасын жуырда тәмамдаған өнерпаз, бұл қылығын былай түсіндірді.
Сара Амангелді, әнші:
-Шынымды айтсам, мен өзім мектеп бітіргенде, университет бітіргенде, колледж бітіргенде, выпускнойға бармағам. Бұл менің фишкам болды да, сыныптастарымның арасында. Ерекше болғанды қалайтын едім да, көйлек таппай, көйлек болмаса бармағаным артық дейтінмін.
Әнші ару, көркі көздің жауын алар көйлектердің талайын, есесіне қазір киіп жүрмін дейді. Бұл сөздермен Сараның әріптесі Фариза да келісе кетті. «Джейрандық» қыздың сөзінше, оқушыларға бір сәттік шараны емес, болашақты ойлау маңыздырақ.
Фариза Ескермесова, «Джейран» тобының мүшесі:
-Қоштасу кеші ғой. Өзім шынымды айтсам мүлдем дайындалған жоқпын. Өйткені мен үлкен өмірге қадам басып жатқаннан кейін, оған аса қатты мән берген жоқпын. Мен кім боламын, болашағым қандай деген сияқты сұрақтар көбінесе мазалады.
«Джейрандықтар» арасынан түлектер кешін тек Фариза ғана емес, Алтынай да елеп-ескермеген екен.
Алтынай Жолдыбаева, «Джейран» тобының мүшесі:
-Қыздармен келісемін, тіпті уайымдаған жоқпын, тіпті барған да жоқпын. Өйткені білмеймін. Шынымды айтсам мен барған жоқпын, Фариза айтпақшы, үлкен сұрақтар ойда болды. Сондықтан да, кеш өзімен-өзі өтті менсіз.
Ал, танымал вайнер Нұрлан Батыров қоштасу салтанатынан бас тартпаса да, айтулы кешті дүркіретіп атап өтетіндерге мүлде қарсы.
Нұрлан Батыров, вайнер:
-Мектеппен қоштасу кешін үйде өткізгенбіз. Ол заманда мейрамхана деген жоқ, ата-аналарымызбен бірге барлығымыз дастарқанға жиналдық. Жүрекке жылу ұялататын, естеліктер ғой.