Камшат Жолдыбаева болса, өзіне тән шоу жасауға құмар қыз. Әнші тіпті ол үшін, ашық-шашық образдардан да бас тарпайды. Мысалы, жұлдыздың бейтаныс жас жігітпен түскен мына суреті жұртты дүрліктіруде. Фотосессия ма, әлде махаббат па?
Камшат Жолдыбаева түрлі фотосессиясы үшін, қатал сынның астында талай қалған. Алайда, жұлдыз бұл әдетін еш тоқтатқан емес. Сылқымның соңғы салған суреті де, қызу талқыға түсетін еді. Алайда әнші, пікір жазу мүмкіндігін шектеп тастауды жөн көріпті. Себебі, арудың қасындағы Әділ есімді сәнқой жігітті, көпшілік Кәмшаттың сүйгені деп топшылауда.
Баян Алагөзованың «Қазақ аруы», «Қозы Көрпеш Баян сұлу» сынды телехикаяларында басты кейіпкерлерді сомдаған актриса - Гүлзада Тұрлаш ұзатылып, ақ келін атанды. Арудың қуанышына ортақтасуға, шоу-бизнес өкілдері көптеп келген. Болашақ қалыңдықты, әнші Қарақат Әбілдина өз қолынан ұзатып салыпты. Бақыт тілейміз!
Анара Батырхан болса күні кеше туған күнін дүркіретіп атап өтті. Актрисаны, өнердегі әріптестері мен жақындары құттықтай келген. 26 жасқа толған ару үшін, ең керемет сыйлық - жақында жарық көретін, «Инстаграмдағы қыз» картинасы екен. Ол, барлық жанкүйерлерін 28 маусымнан бастап, фильмін тамашалауға шақырды.