Жұбайымен «ат құйрығын үзіскен» Алтынай Жорабаева, енді нәзік жандыларға күйзеліске түспеудің құпиясымен бөлісуге әзір! Ажырасу – бақытты болуға кедергі емес дейді ол! Ал, әншінің бұл сөздерімен бірнеше рет тұрмыста болған, өнердегі өзге арулар келісетіндей.
Басына бақытыздық бұлты үйірілгенде, шындығын бұғып қалған Жорабаева, енді бар сырын ақтармақ! Бүгінде басы бос Алтынай, рухани қолдауға мұқтаж өзге қыз-келіншектермен кездесіп, күйзеліспен күресудің амалдарын үйретуге әзір екенін, әлеуметтік желіде жазған еді.
Алтынай Жорабаева, әнші:
-Өмір болған соң, ағы мен қарасы болады мысалға. Сол себептен, хайырлысы деп түсіну керек. Ол ажырасқалы бері құтырып кетіпті, болмаса сондай нәрселер болып жатады. Енді, өмір болғаннан кейін бала-шағаны асырау керек, өнер болғаннан кейін, өмір болғаннан кейін. Адам өлген жоқ мысалыға.
Күйеуімен «ат құйрығын үзіскен» Алтынай, енді әр сөзінде ажырасқанына қарамастан әйелді біткенді бақытты болуға шақырады. Иә, шоу-бизнесте екінші мәрте ер етегінен ұстап, жақсылыққа кенелген жандар да жетерлік. Мәселен, солардың бірі - Мәдина Сәдуақасова екінші отау құрған алғашқы жылдарын, сағынышпен еске алады.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
-Мен тіпті тойымнан кейін демалыс та емес, жұмыс та емес барлығы мен үшін жабылды. Тойдан кейін мені, ешкім ешқай жерден көре алмай қалды. Өйткені, менің жолдасым солай шешті, және де солай ұсыныс айтты.
Бірнеше рет келін атанып, бақытын тапқандардың тізімі тек Мәдинамен шектелмейді. Олардың қатарын екінші рет тұрмысқа шыққан Жанар Айжанова, Баян Мақсатқызы толықтырса, үшінші рет ақ келін атанған Ақбота Керімбекова, былтыр жазда тойын дүркірете атап өткен еді.