Әлемге әйгілі «Тайм» журналы атағы артқан беделі жандардың басын қосып, ерекше кеш өткізді. Ал, салтанатқа шақырту алған меймандар тізімінде жұлдыздармен қатар, Гарри Ханзада мен Ким Чен Ын да болған көрінеді.
Time басылымының «ең беделділер» тізімінде есімі жарияланған Джениффер Лопес - кештің басты мейманы. Әйгілі журналдың жуырда ғана бетпейнесіне айналған ару, бұл жыл табысты болғанын жасырмайды.
Джениффер Лопес, әнші:
-2018 жақсы жаңалықтарымен қуантып жатыр. Яғни, осы жыл менің жұмысым үшін жемісті болуда. Айналама қарап, өміріміздің расымен жақсы жаққа қарай өзгеріп келе жатқанын байқаймын.
Джей Лодан өзге айтулы салтанатқа Гарри ханзада, тіпті Дональд Трамп пен Ким Чен Ын сынды әлемдік көшбасшылар да келуі керек болатын. Алайда, мәртебелі шарадан табылғандардың басым бөлігі - тек жұлдыздар.
Николь Кидман, актриса:
-Мұндағы адамдардың кейбірі, қоғамда ойып алар орны болса да, аса танымал емес. Осындай маңызды шараның, бір бөлшегіне айналғаныма қуаныштымын.
Алғашқы «Ғажайып әйел» ретінде ел есінде қалған Линда Картер болса, маңызды кешке салмақты тақырыпта сөз өрбітуге дайындалып келгендей.
Линда Картер, актриса:
-Қоғамда болып жатқан мәселерге қатысты оймызды ортаға салуымыз керек. Әрқайсысымыздың үн қосуымыз маңызды!
Ал, беделділердің басын қосқан Time журналының мақсаты – өз әлеуетімен әлемді оң өзгеріске жетелей алған жандарға құрмет көрсету!