Санжар Мәди қатысқан хоррордың трейлері жарыққа шықты.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Әміре» тарихи фильміндегі актерлік ойынымен елді сүйсіндірген Санжар Мәди, енді хоррор арқылы көрерменін таңқалдырмақ ниетте. Көп ұзамай, актер төбе көрсеткен ресейлік «Фото на память» туындысының тұсауы кесіледі деп күтілуде.

 Фильмде Санжар Мәди, тылсым күштерге тап болған фотографтың рөлін сомдайды. Бұл, оның қорқынышты картинаға алғаш рет түсуі екен. Ал, ресейлік киногерлермен бұған дейін актер «Защитники», «Золотая Орда», «Глиняная яма» туындыларында бірге жұмыс істеген болатын.