Таяуда Баян қол астындағы тағы бір қызбен қош айтысса, таң қалмаңыз! Продюсердің орталығында жұмыс жасайтын Жарқынай, шоу-бизнесті енді театр сахнасына алмастырған сынды. Әнші арудың бұл шешімін Алагөзова қалай қабыл алды?! Арадағы келісімшарт күшін жоймақ па?!
Жарқынай, Баян басқаратын орталыққа осыдан 2 жыл бұрын қабылданған еді. Бірақ, бұрымды бүгінде «Астана мюзикл» театрында да қарқынды жұмыс істеуде. Шекспирдің әйгілі «Ромео мен Джульетта» қойылымында басты рөлге бекітілген Ханайым, келешекте Алагөзованың қол астында қызмет еткенгеннен гөрі, театр сахнасында шығармашылығын шыңдауды құп көретін сыңайлы.
Жарқынай Ханайым, әнші, актриса:
-«Бақ шаба ма, бап шаба ма?» - дейді ғой. Сол сияқты, қай жақтан бағым келетінін бір Алла біледі. Мен енді өнер саласында болғаннан кейін барынша қолымнан не келеді, не келмейді, сол нәрсенің бәрін үйреніп, өзімді толтыруға тырысып жатырмын әзірше. Олда мүмкін кетіп қалармын.
Асхат Маемиров, «Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі:
-Негізі ең бірінші кезекте мюзикл актрисасы. Сондықтан, әрине эстраданы жалғастырып жүруге де мен өзім рұқсат еттім. Сондықтан, ол Баян Мақсатқызының да жобасында жүр. Сондықтан, мен ойлаймын сол Баян, Бағым Мақсатқызында жинаған тәжірибесін, біздің мюзиклға алып келіп, сәтті пайдаланып жүр.
Ғашықтарды ойнайтын сахнадағы әртістерге қызыға қарайтындар, әріптестерді өмірде де бірге деп топшылайды. Одан қалса түрлі сауалдар жолдайтын көрінеді. Сондықтан болар, «Ромео мен Джульеттаны» сомдайтын Жарқынай мен Саламатты желідегі жұрт әлдеқашан жұптастырып үлгерген.
Саламат Мұқаш, актер:
-Жарқынайдың жанкүйерлері де көп сауалдар қояды. Біз өмірде жақын доспыз. Біздің арамызда ондай махаббат еш нәрсе жоқ. Өйткені бұл сахна. Өмір мен өнерді шатастыруға болмайды. Сондықтан, партнерыңа ғашық бола берсең, келесі жолы Төлегенді ойнап «Қыз Жібекке» ғашық болсам, оның бәрі дұрыс емес деп есептеймін.