Анар Батырхан инстаграмнан шаршаған ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

Инстаграмнан эстрадаға! Анар Батырхан алғашқы бейнебаянын таспалауға кірісті. Бұл туындыда өзі режиссер, сценарист, актриса, тіпті әнді де өзі орындайды. Бірақ жалғыз емес... Әлеуметтік желі жұлдызының бұл қадамын жұрт қалай қабылдар екен?!

 

Танымал инста-жұлдыз Анара Батырхан өзінен жасы тым үлкен, әрі бай жігіт-ағасына есі кете ғашық. Соның ақшасына күн көріп үйренген оған, енді қиын болып жүр. Себебі, көңіл қосқан серісі бар қаражаттан тиып тастаған. Жаман ойлап қалмаңыз. Бұл Анардың, Ділхан Исаев есімді әншімен бірігіп түсіріп жатқан бейнебаянының сюжеті ғана. 

Анар Батырхан, актриса:

- Енді, жалпы клип қазіргі өзекті мәселелердің біріне түсіріліп тұр. Яғни сюжеті.. Қазіргі қыздардың қатты ақшаға құныққаны, киімді қатты жақсы көретіндігі, дүниеге қатты құныққаны туралы жазылған. Бұл сюжет. Енді бұйыртса, рөлді жақсы сомдап шықсақ, бұл клип енді хит болайын деп тұр, иә..?!

Анарға бейнебаян таспалау туралы ұсыныс Ділхан Исаевтан келіп түскен. Өз кезегінде актриса ойланбастан келісім беріпті. Сюжеттің сценариін, жеке образдары мен стильдерін, әншілер өз талғамдарына сүйене отырып жасаған. Арнайы бір маманың көмегіне жүгінбепті. 

Ділхан Исаев, әнші:

- Шамамен енді 2,5 мың долллардың көлемі.

Ділхан айтқан бұл қаржы - клипке жалпы жұмсалған шығын. Түсірілім алаңында әнші, әртіс әрі режиссер қызметін де қоса алып жүрген ол, Анардың алғашқы бейнебаянына жеңілдік жасағысы келген сияқты.

Ділхан Исаев, әнші:

- Бюджетті мен өз мойныма алдым. Ал Анара тарату, яғни халыққа насихаттау жағын өз мойнына алды.

Шым-шытырық оқиғаларға толы Анар Батырхан мен Ділхан Исаевтың бұл туындысы, сәуір айының басында қалың көпшілікке ұсынылып, әділ бағасын алмақ!