Ондай, ондай болып тұрады... Интернет сайттары актер Генри Кавеллге дәл осылай жалпақ түрде жауап берген. Көзі тірі америкалық «Суперменді» өлдіге санау, сонда болмашы ғана қателік деп санала ма?
Генри Кавелл дүйім жұртқа «Супермен» фильмі арқылы танылған болатын. Актер биыл, үшінші наурызда дүние салыпты. Генридің өзі бұл ақпаратты көргенде жағасын ұстаған. Интернет порталдар оны «өлдіге» санап, әртүрлі жаңалықтар тарата бастаған. Десе де, өнер иесі тірі екенін хабарлап, тіпті таяуда өзі басты рөлдердің бірін сомдайтын екі бірдей картинаның жарыққа шығатынын айтып сүйінші сұрады.
Ал, Марго Робби биыл тағы «Оскарсыз қалды. Ол басты рөлдерді сомдаған «Отряд самоубийц», «Тарзан. Легенда», «Волк с Уолл-Стрит» фильмдері де актрисаға атақ алып бере алмады. Артынша, «Chanel» өнімдерінің жаңа амбассадоры болуға Маргоға ұсыныс түскен. Бұл қуанышты жаңалық сылқымның көңілін жұбатса керек, ол бірден келісімге келген.
Ал, Перьм аймағының экс-депутаты Александр Телепнев жазықсыз соққыға жыққан, Ресейлік музыкант Dj Smash ауруханадан шықты. Түнгі клубта селфи жасамағаны үшін, оңбай таяқ жеген Андрейдің хәлі бүгінде жақсы. Ол өз инстаграм парақшасында, қолдаушыларына алғысын білдірген. Ал жөнсіз жұдырығын ала жүгірген бұрынғы шенді, бүгінде сот үкімін күтуде.