Джастин Бибер өз жанкүйерлерін таң қалдырудан жалығар емес. Бұл жолы әнші Америкадағы ең қымбат вилланы жалға алған. Жұлдыздың ата-анасымен келісе алмай, оларға ерегіскеннен осы әрекетке барып отырғаны рас па?
Үй кинотеатры, кең хауыз, бильярд залы. 18 бөлмелі бұл вилланы Джастин Бибер айына 55 мың долларға жалға алып отыр. Әнші осыншама қаражатқа шығындалса да, бұл үйге айына тек бір-екі рет қана келеді екен. Инсайдерлердің сөздеріне сенсек, әншіні бұл қадамға итермелеген ата-анасымен арада болған жанжал. Бүгінде, Джастин тұрақтаған жекежайдың сатылымдағы құны 18 миллион доллларды құрайды.
Харви Вайнштейнның айы оңынан тумай жүр. Оның продюсерлік орталығы банкротқа ұшырағанымен қоймай, оның фильмдеріне түскен актрисалар Харвидың үстінен арыз жазып, арты үлкен дауға ұласқан еді. Арулардың «арын таптады» деп танылған продюсер, енді сот үкімі бойынша 5 айдың ішінде, 225 миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуі керек.
Рианнаның басы тағы да дауға қалды. Fenty x Puma компаниясымен келісімшартқа отырған Ририге, келісімхатты бұзды деген айып тағылуда. Көктемгі киімдер топтамасының бет-бейнесі болған ол, 3 айда 12 келі салмақтан арылуы керек болған. Тіпті дизайнерлер әншіге арнап бірқатар көйлек те тігіп қойған екен. Сот шешімі бойынша енді голливудтық жұлдыз, келтірген шығынды өз мойнына алуға мәжбүр.