Ақан Сатаев «Она» атты кинотуындысының Қазақстандағы алғашқы көрсетілімін өткізді. Айта кетейік, аталмыш фильм «20-шы ғасыр Fox» компаниясына тиесілі жобалардың тізіміне енген тұңғыш отандық картина. Ал, қазақстандық киноөндіріске таңсықтау триллер жанрын көрермен қалай қабылдады?!
«Она» триллері қызымен жалғыз қалған әйелдің, алып шаһардағы арпалысын суреттейді. Фильмнің идеясы басты рөлдегі Айсұлу Әзімбаеваға тиесілі. Түсірілім тобының көздегені, Қазақстанда кенже қалған аталмыш жанрды жандандыруды.
Ақан Сатаев, режиссер:
-Триллер жанрының көрермені аз комедияға қарағанда. Бірақ, өте тұрақты көрермендері. Ал, егерде біздер киномызда экспортқа шығарып... СНГ елдерінде жаңағы да айтқандай Ресейдің 350 кинотеатрында көрсетіміз. Өте жақсы нәтиже болады.
Ақан бұл фильмді әуелден әлемдік прокатқа әзірлегенін айтады. Бүгінде, режиссердің ішкі жоспары жүзеге асқанымен, алғашқыда «арық айтып, семіз шығуды» қалапты. Иә, Сатаев мақсатына жетті. Отандық киногерлердің де, триллер жанрына аңсары ауа бастағаны байқалды.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
-Ақан ағамыз біз кіші болғаннан кейін, қандай кино түсіру керек екенін, қандай жанрға да көшуге болатынын көрсетіп жатыр. Әр жанрда тек қана комедия емес барлығын түсіре беру керекпіз.
Асқар Ұзабаев, режиссер:
-Бұл фильм қазақстандық кинопрокатқа ерекше дүмпу әкелгендей болды. Әрдайым комедиямен шектелетін режиссерлардың, жан-жақты жұмыс жасауына жол сілтеп отыр.
Картинаның қазақстандағы алғашқы көрермендері де, бұл туындыдан тұшымды ой түйіп, сансыз сауалдарға жауап тапқандай...
Ринат Гайсин, композитор:
-Триллер деген жанр өте бір керек жанрлардың бірі. Өйткені ойландыратын жанр. Адамның психологиясында бұл өмірге не үшін келгенбіз, қандай себеппен келгенбіз?
Күні кеше тұсауы кесілген «Она» триллері, 30-шы қарашадан бастап отандық кинопрокатқа жол тартты.