Ақбота Сейітмағамбет сұраныстағы актриса, Дәурен Айдарқұлов та арзан актер емес! Алғашында жеке өмірлерін жұмбақ ұстап, кейін құпияның құлпын ашқан бұл жұптың, бүгінде гонорары қымбаттай түскен. Сонда, ел аузындағы экс-жұбайлардың қазіргі қаламақысы қанша?!
Оқаповтың «Уайымдама» клипінде басты рөлді сомдаған Ақбота, әріптесінен бір тиында алмағанын Әлидің өзі айтқан болатын.
Әли Оқапов, әнші:
-Тегін келісті. Бірде-бір тиын сұрағанда жоқ. Біз ұсынсақ та, мүмкін алмайтын да шығар.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:
-Ақша сұрағым да келген жоқ. Өздері де ұсынған жоқ. Сондықтан, менде үндеген жоқпын.
Бұл жолы жас ана, өнердегі досының өтінішін ғана орындаған. Сондықтан, «Сейітмағамбет тегін түседі», - деген түсініктің қалыптасқанын қаламайды. Бүгінде сұранысы артқан Ақбота, отандық кинонарықтағы қымбат актрисалар қатарында екенін растап отыр.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:
-Енді... иә! Өзімнің гонорарымды айта алмаймын қазірге. Оны директорымнан сұрап алыңыздар. Енді, менің де сәбиім өсіп келе жатыр деген сияқты. Қатып қалған баға жоқ. Режиссер, продюсердің өзі хабарласып, осыншама ақшаға келісіп, осылай жасасақ деп жатса келісеміз.
Клип, кино! Иә, Ақботаның экс-ғашығының да, жұмысы тығыз кестеге түзілген. Атышулы Айдарқұловтың гонорарын сұрағанымызда, актердың жауабы мынадай болды.
Дәурен Айдарқұлов, актер:
Жалпы, кино әлемінде актерлар гонорарларын айтпайды екен. Мен оны алғаш, «Свадьба на троих» киносынан кейін ғана түсіндім. Өйткені, әр актермен өзінше келісімшарттар қойылады, жеке гонорарлары болады.
Дәуренге режиссер достары өтініш білдірсе, қаламақасынан аздаған жеңілдік жасап, жәрдемдесетіні бар екен...
Дәурен Айдарқұлов, актер:
-Досымызға біз арзан, бартер, тегін дегендей.