Қарапайымдылықты қадір тұтатын Ғалымжан Молданазар, енді эпатажды образда. Музыкант сақалын қырып, басына ұзын шашты парик киді. Мұндай жанкештіліктің сыры неде? Өнерпаздың өзі айтсын..
Ғалымжан Молданазар, «Moldanazar» тобының солисті:
-Шынымды айтсам, қиын болды, сақалыммен қоштасу. Үш күн болды сьемка жасап жатқанымызға. Сьемканың алдында сақалымды алғанда, өзімді киімсіз қалғандай сезіндім.
Дәл осындай жанкештілікке, Ғалымжан Молданазар жаңа бейнебаянының ерекше шығуы үшін барғанды. Алайда, күнделікті кейпіне әбден еті үйренген музыкант, тың образға бірден келіспеген.
Ғалымжан Молданазар, «Moldanazar» тобының солисті:
-Режиссер менің досым Малик. Енді шынымды айтсам, көп уайымдадым осы образ жағынан. Өзіме де ыңғайсыз, кигім келген жоқ. Маликпен де көп жерде келіспей.
Бейнебаян мини-фильм форматында таспалануда. Бұл туындының сценариі, кейіпкерлері, сюжет желісі, тіпті жанры да бар.
Ғалымжан Молданазар, «Moldanazar» тобының солисті:
-Менің образым «Modern Talking» группасының солисі Томас Андерсен. Біз «Молданазар» тобынан осы «Modern Talking» тобына, пародия деп айтсақ та болады.
Болмасам да, Томас Андерсенге ұқсап бағамын деген музыкант, жаңа бейнебаянын желтоқсан айында назарға ұсынбақ. Ал, одан кейін кезекті клипінің түсіріліміне кіріседі.