Жеңіл болуыңызбен, Рита! Әнші неге қызыл кілемге халат киіп шыққан?

Сообщить о проблеме с эфиром

Рита Ора Виктория Бэкхемнің, Деми Ловато Ким Кардашьянның образын «ұрлаған» кеш! Әсіресе, Ританың миллиардтарға бағаланған гауһар тасты әшекеймен, кәдімгі моншаға арналған халат киіп шыққаны қызық. Жұлдыздар да, жанкүйерлер де асыға тосқан MTV Europe Music Awards 2017 салтанаты бұдан бөлек талай «тосын сый» әзірлепті.

Дресс – код? Жоқ, MTV Europe Music Awards ешқашан жұлдыздардың ұшқыр қиялын шектеген емес! Сондықтан да, селебрити барынша ерекшеленуге тырысады. Бірақ, бұл жолы бірегей болу Деми Ловатоның қолынан келмеген! Фэшн – сыншылар бірден Ким Кардашьянды көшірдің деп айып тақты.

Есесіне, Джаред Лето көпті бей-жай қалдырмады! Оның үлкен гүл түскен қызғылт жейдесінің өзі, біраз пікір талас тудырды.

Дегенмен, қызыл кілем салтанатында бой көрсеткендердің бірде-бірі Рита Ораның шаңына да ілесе алмағаны анық! Моншаға арналған халатты бағалы әшекеймен, көздің жауын алатын туфлимен үйлестіріп кигенінің өзі қандай? Бұдан бөлек кеш бойы 11 образды аустырды! Себебі, салтанаттың тізгіні биыл өзіне бұйырғанды.

Көпшілікті марапат тапсыру сәті де біраз таңырқатты. Мәселен, мүсіншеге үміттілер тізімінде көш бастаған Тэйлор Свифт құр алақан қайтты. Есесіне, жеңісіне аса сенімділік таныта қоймаған Шон Мендес триумфатор атанды.

Кештің басты тосын сыйы – Эминемнің сахна төрінен көрінуі! Рэпер біраз жылдық үнсіздігін бұзды.

 

Дэвид Гетта,  диджей:

- Бүгін сахнаға Эминем оралды! Табынушысы ретінде бұл жәйт мені бақытқа бөледі.

«Clean Bandit» тобы:

- Эминемге қатысты түрлі қауесет естідік. Бірақ, бүгін ол көрерменімен қауышып, әлі де сұраныста екенін дәлелдеді.

Бұл кеште көршілес ел әртістерінің де жұлдызы жанды! Мәселен, «Ленинград» -тың «Кольщик» әніне таспаланған бейнебаяны «Үздік визуалды эффект» номинациясында оқ бойы озық шықса, Иван Дорн еуропалық аудиторияның пікірінше «Ресейлік ең үздік әнші» атағын иемденді.