Астанада той! Рүстем Жүгінісов «Жаңа толқын» байқауында сөз салған аруға үйленді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жүгінісовтер отбасында ұлан-асыр той! Тұңғыштары Рүстем шаңырақ көтеріп, құсын қолына қондырды. Сері сүйіктісіне «Жаңа толқын» байқауына қатысып жатқан тұста, үйленуге ұсыныс жасағанды.

Ұсынысын құп көрген Айжанды, әнші жігіт Маңғыстау өңірінен ұзатып алып келді. Адай руына күйеубала болған Рүстем Жүгінісов, сүйіктісімен бір университет қабырғасында білім алған.

Рүстем Жүгінісов, әнші:

– Екеуміз Қазақ Ұлттық өнер университетінде таныстық. Күйеубала болып жатырмын. Жауапкершілік көп.

Екі бөлмелі пәтердің құнына тең шығын жұмсалған салтанатқа, Астаналық өнер жұлдыздары шақырылған. Айтыскер ақын – Балғынбек Имашев келіннің бетін ашса, Қарақат Әбілдина қалыңдықты әнімен ортаға алып шықты.

 

Рүстем Жүгінісов , әнші:

– Кеше менің ата-анамның арманы орындалды. Және де менің арманым орындалды. Өнердегі аға-апаларым келіп қолдады.

Бүгін Жүгінісовтер отбасы құдалық жасап жатыр. Жас жұбайлар ата-анасымен бір шаңырақта өмір сүруге ниетті. Әзірге, енші алуға асықпаймыз-дейді олар.