-Алматыда сән қуалаған сылқымдар мен дарынды дизайнерлерді бір шаңырақ астына жинаған Kazakhstan Fashion Week шымылдығын түрді.
-Сән апталығының алғашқы күні тосын сыйларға толы болған көрінеді.
-Дұрыс айтасың. Өз туындыларын таныстырған отандық 7 дизайнерлердің топтамасы бірінен-бірі өтетін ерекше-ақ. Алайда, Камила Бахтың киімдері көптің есінде қалған сынды.
Әрине. Подиумға сақалды аруларды алып шығып, үлгілерін тың тәсілмен таныстырған сәнгер таңданыс тудырмай қайтсін.
Ия. Бірақ, Камила Бахтың сөзінше, мұндай көрсетілімнің астарында үлкен мағына жатқан көрінеді.
Камилла Бах, дизайнер:
-Сақалға жайдан жай акцент қоймадым. Бүгінгі таңда нәзік жандылар ерлерге қатты ұқсап барады. Яғни олар үлкен компаниялардың басшысы, табысты, іскер жандар. Менің сақал арқылы көтергім келген мәселем де осы еді.