Шаңырағына жаңа түскен келінді Жеңіс Ысқақова жұрттан жасырмай-ақ, бірден халықтан сүйінші сұрады. Екібастұздық дәрігерлер отбасымен құда болған әнші дүркіретіп той жасады.
Тұңғышы Айбатыр мен келіні Карина бала күннен таныс болған екен. Достық үлкен махаббатқа ұласып, олар отау тігуге шешім қабылдағалы Жеңіс ханым тойдың қамына кіріскенді. Бір жылға жуық дайындықтың нәтижесіне Ысқақова ханымның өнердегі үзеңгілестері куә болды.