Өзгелер тынығып жатқанда, актриса Аида Жантілеуова тер төгіп жатыр! Демалысын кейінге ысырып қойған өнер иесі, «Жұт» атты тарихи туындының түсірілім алаңында тынбай еңбектенуде. Ана атанып, шығармашылығынан уақытша шеттеп қалған сылқым, жұмысына сағынышпен оралғанын жасырмайды..
Қазақ халқының басына түскен нәубет пен қайғылы күндерді суреттеген жаңа тарихи туынды таспалануда. Бұл жас режиссер Жандос Еспенбетовтың «Жұт» атты қысқаметражді фильмі. Ерболат Тоғызақов,актер: -Мынау отбасы, қазақтың отбасы қашып бара жатыр. Аштықтан қашып бара жатыр. Жансыз қалып тұр, аштан өліп тұр. Балалар үшін, өзі үшін, өлмеу үшін қашып бара жатыр. Соны көрсетуіміз керек.
Ұзақ демалысынан кейін, жұмысқа жаңа кіріскен Аида Жантілеуова, Ерболат Тоғызақовпен бір түсірілім алаңда өнер көрсету үлкен бақыт дейді. Аида Жантілеуова,актриса: -Ерболат ағаның керемет ойынынан кейін кинотеатрда отырып айтып едім іштей, шіркін мына кісінің ойына қандай кермет, осы кісімен бір алаңда, бір кинода өнер көрсетсем ғой деп. Тілегім қабыл болған сияқты...
Актрисаның көптен көзден таса болуына - жақсы ұсыныстардың жоқтығы себепкер екен. Оның ойынша, бүгінгі таңда саны көп, сапасы төмен киноөнімдерден аяқ алып жүре алмайсың. Аида Жантілеуова,актриса: -Сериалдар көп қой түсіріліп жатқан. Бәрінің мәні де мағынасы да бір. Ондай сериалдардан өзім де ойнаудан бас тартамын.
«Жұт» картинасы Аиданың көңілінен шыққаны соншалық, өнерпаз түсірілім алаңына кішкентай сәбиін де ерте келген. Аида Жантілеуова,актриса: -Енді емізулі бала болғандықтан, таңертең кетіп түнде келгендіктен, баламды да уайымдатпай, өзім де уайымдамайын деп жаныма алып жүрдім. Қасында қарап жүрген қараушысы бар.
Аптап ыстық бала тұрмақ ересек адамға ауыр тиері анық. Алайда, актриса кереғар пікірде. Аида Жантілеуова,актриса: -Бәрін көріп, үйреніп өседі. Және даланың ауасын ыстықты да, желді де. Өзіміз жаман үйретеміз ғой, қалада ешқашан шығармай аурушаң болып, осы екінші қызымызды осындайға үйретіп жатырмыз.
«Жұт» кинокартинасы көпшілік назарына келер жылдың маусым айында жол тартпақ!