Иә, мына Ерасыл есімді спортшы да әлеуметтік желіде өте танымал. Ғаламторда қыздардың қызығушылығын оятқан жігітке, романтикаға толы смс хаттар жиі келетін көрінеді. Ал, сұлулардың сезімін селт еткізген сері Дәулет Тұрлыхановтың ұлы.
Ерасылды әкесі 6 жасында дзюдо спортына береді. Бүгінде 20 жастағы жігіт Қазақстанның 5 дүркін жеңімпазы, Еуропа кубогінің финалисті, Азия чемпионатының 3-ші орын иегері. Дәл қазіргі таңда әлем біріншілігіне қызу дайындық үстінде. Даңқты балуан, ұлының әр қадамын жіті қадағалап, күнделікті бірге жаттығады. Тіпті, спортты серік еткен әке мен баланың тығыз кестесі де түзілген.
Ерасыл Болат, Д. Тұрлыхановтың ұлы: -Таңертең тұрамыз, тамақ ішеміз. Тренировкаға барамыз. Бірінші жүгіреміз. Сабақ туралы, спорт туралы. Күнде әкеммен бірге күресеміз, жүгіреміз.
Ерасыл бүгінде Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті. Сондай-ақ, жапон, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жігіттің, білімге деген құштарлығын оятуда ақын Жүрсін Ерманның рөлі ерекше екен.
Ерасыл Болат, Д. Тұрлыхановтың ұлы: - Жүрсін атам, ол менің нағашы атам. Ол менің өмірімде үлкен бір орында ойнайды. Өйткені ол маған ақыл береді.
- Өте әдемі жігіт
- Қандай сымбатты жігіт! Көз тимесін балуан!!!
Иә, Ерасыл спортпен қатар, сұлулардың да сезімін селт еткізіп жүр. Жас жігіттің желіге жүктеген әр суреті жағымды пікірлерге толы.
Ерасыл Болат, Д. Тұрлыхановтың ұлы: - Естіп тұрамын күнде қыздарға ұнайтынымды. Бірақ, оларды өмірімде көргенде менен қашады, ұялады, күледі. Көбінесе саусақпен көрсетеді. Бірақ, келмейді қасыма. Көбінесе интернетте жазады. Мен сені көрдім, сәлем, танысуға болады ма, атың кім деп сондайларды жазады!
Қазір, әке жолын қуған Ерасылдың басты арманы бар. Ол 2020-шы жылы Токио төрінде олимп шыңын бағындыру.