Танымалдылық – миллиондаған қаржының да кепілі. «Forbes» телеөндірісте жүріп, мол табысқа кенелгендер тізімін ұсынды. Көк жәшіктегі жаһандық жұлдыздардың қайсысы қалтасын 80 миллион долларға қампайтты?
Фил МакГроу алдымен психология ғылымының докторы атанған соң, осы сала төңірігіндегі авторлық бағдарламасын экранға шығарды. Рейтигі көкке өрлеген бағдарламасы оның ірі көлемді жалақысының кепілі.
Дегенмен, Фил мырза мол қазынасын жаратуға келгенде сараңдау. Бір ғана зәулім сарайы мен яхта, феррариінен өзге мүлкі жоқ. Жылына түсетін 80 млн долларлық кірісін банк есепшотында сақтауды жөн көреді.
Атағынан ат үркер талай жұлдыздың ең асыл құпияларының құлпын ашудың хас шебері Эллен ДеДженерес «Форбс» тізімінде екінші сатыда тұр. Биыл ол, Фил МакГроуға бір табан жақындап, 77 миллион доллар байлық жинаған.
Актер, сценарист, әзілкеш – Джерри Сайнфелдтің қазына қоржыны 69 миллион доллларға бағаланды. Тележүргізушінің пайдасы тек телебағдарлама жүргізуден ғана емес, жарнамалық компанияларға қатысқаны үшін де ұдайы еселенеді.
Қазақстандық «Форбс» тізіміне тележүргізушілер арасында тек Динара Сәтжанның есімі кіреді. 2016 жылғы есеп бойынша сылқымның жалпы жылдық табысы – 24 миллион долларды құраған! Бизнес вуманның бірнеше сұлулық салоны мен сәнді киімдер дүкені бар. Сатуға қойған пәтерінің өзі жұрттың таңданысын туғызған еді.