Жуық арада «Найнти уанды» жарты әлем таныса таң қалмаңыз! Бұл, күні кеше Алматыға ат басын бұрған корейлік топтың атышулы бойзбендке берген бағасы. Кью-поп жанрының іргетасын қалаған «91» тобы «Violet tree» ұжымын несімен баурап алды?!
«Violet tree» – бұл оңтүстік кореялық өнерпаздар! Чживон – топ солисті, Хёнчжин — скрпикашы, ал Хёне — дауылпазшы және Соу - бас гитарада ойнайды. Бұл төрттік 2013-ші жылы құрылған. Топ қоржынында қос альбом мен 4 бейнебаян бар. Бір қарағанда 17 жастағы бозбалалар мен бойжеткендерге ұқсатсаңыз, қателескеніңіз! Ұжым музыканттары биыл 33-ші туған күндерін тойламақ!
«Violet tree» тобы: -Қазақстанға ең алғаш келгенде біздің музыканы жатсынатын шығар деген ойда болдық. Тіпті, жеке концертке де көрермендер көп келмейді деп ойладық. Алайда, біз қателескен екенбіз! Кеш барысыда, Топтың өнерін бағалайтын тыңдармандардың барына риза болдық!
Корейлік топ «кью-поп», яғни қазақтың поп музыкасымен де алғаш осында танысты. Тіпті, аталмыш субмәдениеттің іргетасын қалаушы «Найнти уанның» клипін тамашалап, атышулы бестікке бағаларын берді.
«Violet tree» тобы: -Бұл бойзбенд бізге ұнады. Дәл қазір тыңдаған әннің әрлеуі өте сапалы. Және электрондық музыканың элементтерін ұтымды пайдаланған. Жігіттерде сымбатты! Менің ойымша бұл топ алдағы уақытта Кореяда да танымал болатын сияқты.
Бұл кешке келген «воралардың да» санында шек жоқ! Аталмыш ұжым өз жанкүйерлерін дәл осылай атайтын көрінеді. Топ мүшелері осы күні фан-кездесу өткізіп, қолтаңба мен су жаңа үнтаспасын да тарту етті.
-Бұл топ маған ұнайды. Өлеңдері қызық! -Бүгін концертке келдім. Өйткені, маған «Violet tree» группасы ұнады.
Қарағандыда басталған бұл топтың Қазақстандағы турнесі Алматы мен Астанада өтіп және Павлодар қаласында өз мәресіне жетеді.