Футболға деген шексіз «ғашық» Черногория азаматы Павлодардағы матчты көру үшін қылмысқа барды.
Футболға деген шексіз махаббаты Черногория тұрғынын қылмысқа итермеледі! Бұл шетелдік азамат өз досының төлқұжатымен шекарамыздан өтіп, Сербиялық «Црвена Звезда» командасы мен «Ертіс» клубының ойынын дәп Павлодар стадионында тамашаламақ болған.
Сербиялық танысының паспорты Қазақстанған визасыз кіруге мүмкіндік бергендіктен, ол осы қадамға барыпты. Дегенмен, қырағы тәртіп сақшылары футбол жанкүйерінің заңсыз әрекетін бірден байқап, қамауға алған. Сот Черногориялықты елден шығарып жіберуге шешім қабылдады.