Нағыз романтика Дженнифер Энистон мен Джастин Теруге тән! Жас жұбайлар Нью-Йорк көгінде тікұшақпен серуендеп, ұмытылмас демалыс ұйымдастырған. Таяуда, отау құрғандарына екі жыл толатын ғашықтар бір-біріне тосын сый да әзірлеп жатқан көрінеді!
Джастин Теру сүйіктісінің көңілінің кілтін табуға шебер! Бұл жолы да тікұшақ қонар алаңға жеткенше Дженнифер қайда бара жатқанынан бейхабар болған. Әуедегі серуен – Джастин әзірлеген тосын сый еді.
Шарлиз Теронның болса махаббатқа бөленіп, сүйіктісіне еркелеуге мұршасы жоқ. Соңғы кезде, жауынгер әйелдерді жиі сомдайтын актриса, қазір төбелестің қыр-сырын меңгеруде. Жақын күндері, үлкен экранға «Взрывная блондинка» блокбастері шығады. Аққұба ару қазір сол фильмнің қамымен жүр.
«Біздің құндылықтарымыз ортақ!» Джессика Билл Джастин Тимберлейкпен мызғымас махаббатымыздың кепілі - мінез мен пікірлерінің үйлесімі деп біледі. Он жылдан бері жұптары жазылмаған ғашықтар, дәл осылай тұңғыш рет құпияларымен бөлісті. Атұстарлары Сайластың өмірге келуі олардың сезімдерін одан әрі маздата түскендей.