Ауыл менен қала кезіп, сүйіктісіне іздеу салып жүрген Ерке Есмахан барлығына уақыт таба білетін жан. Күні кеше, ұлымен жарнама ролигіне түссе, енді міне, дизайнер Әсем Нұрсейітованың шеберлік сабағына қатысып үлгерген. Әнші, осы сәнгер құрбысының кеңесіне жиі жүгіне ме?!
Өз әнімен дүйім жұртты шулатқан Ерке Есмахан микрофон орына қолына ине алып, дизайнер Әсем Нұрсейітованың шеберлік сабағына қатысып қайтты.
Ал, қолөнерден дәріс өткізіп отырған сәнгер, әдемі туындылардың авторы ретінде құрбысы Еркеден тек кеңесін ғана емес, барын да аямайтын сыңайлы.
Әсем Нұрсейітова, дизайнер: -Ерке енді концерттерге, не болмаса түсірілімге алады менен, кейде мен өзім сыйға тартып жатамын. Енді біз бірлесе жұмыс істейміз. Өйткені Еркенің өз талғамы бар, талғамына қарай әшекей жасаймын мен.
Ерке Есмаханның да талайды талғамымен таңқалдырып жүргені жасырын емес. Бірақ, бейнеклиптеріндегі сәтті шыққан образдарына қарамастан, өнер иесі стилистерге қарағанда, өз қалауына да басымдық береді екен.
Ерке Есмахан, әнші: - Үлкен шаралар болса ол жерде стилистер жұмыс жасайды менімен. Ал, кейбір концерттерге өзім таңдап, өзімнің талғамыма сеніп шыға беремін. Әзірше жаман емес сияқты.
Қайда барса да балдырғанын қасынан бір елі қадырмайтын Ерке, бүгінгі шараға да ұлы Мүсіліммен келді. Әнші күні кеше атұстарымен бірге жарнамаға түскен еді.
Ерке Есмахан, әнші: -Жарнамаға басқа бір баламен түсесіз деп еді, бірақ ұлыммен түссем қалай болады деп, олар да мені құптап, жақсы болады деп, ұлыммен бірге бір жарнамаға түскеніме қатты қуаныштымын.
Ал, Еркенің бейнеклиптерінде жиі төбе көрсетіп жүрген Мүсілімнің, бейнекамераға еті әбден үйреніп кеткен көрінеді.
Ерке Есмахан, әнші: -Шыны керек ұлымнан гөрі мен ыстыққа шыдамай, сөздерімді ұмытып сондай болды. Ал, ұлым бірден сөздерін жаттап, айт деген нәрсені айтып. Кәдімгідей өзіне бұйырған рөлді алып шықты. Мен өзім таңқалдым.
Мүсілімнің камера алдында өнер көрсеткеніне әлеуметтік желі қолданушылары арасында негативті пікір білдіргендер көп болды. Алайда, әнші барлығы өзінің танымалдылығы емес, ұлының талантының арқасы дейді.