«Найнти уандық» мемберлердің жуырда жағажайға аттануға уақыттары болмасы анық! Себебі, кю-поперлердің аймақтарға турнесі жалғасуда! Ел аралап жүріп, тұсауын кескен «Баяу» синглы да тыңдармандар бағасын алды.
- Ән Супер! 91 осы қарқындарыңыздан таймаңыздар! - Мен оларды бастапқы қалпында жақсы көргем. Одан кейінгі өзгерісті қабылдау қиын екен. - Керемееет қой бейнебаян Асе-тің күлкісі неткен əдемі еді.
«Қараңғы жарық» үнтаспасындағы кезекті әуенге бейнебаян таспалау алдында, жігіттер ұзақ ізденіс жасапты. Сондықтан болар, синглға қатысты жазылған пікірлердің алғашқы легі – оң!
«Ninety One» тобы: – Бейнебаян Алматыда түсірілді! Эйзидің жері – Бурундайда түсірілді.
Мемберлер «Баяу» әнінің концепциясын, бейнебаян желісін ойластырып жатқанда, Эйзи олардың образын қалыптастырды. Тіпті, бұдан былай да ол жігіттердің жеке стилисті қызметін атқармақшы.
«Ninety One» тобы: – Негізі, толықтай сенеміз сол таңдауға. Мен өйткені балдарды толықтай білемін. Кімге қандай келеді, кімге қандай келмейді. Үш жыл болды ғой, бірге тұрамыз ғой.
– «Найнти уан» сәлем! Біз сіздерді жақсы көреміз!
«Баяу» әні тыңдарманға танысытырлыған тұста, Оралда «Найнти уандықтардың» турнесі жалғасты! Кю-пеперлер мұндағы иглзбен тұңғыш рет танысыпты.
Атырау мен Орал арасы жақын болғандықтан, Эйзидің анасы осы концертке арнайы келген! Ұлына тосын сый жасап, концерт қызған шақта сахна төріне көтерілді.
Қалың иглз дәл осы сәтте көз жасына ерік берді. Ақтауға да табан тіреп үлгерген «91»- ліктер ертең Қостанайға, 13-ші шілде Өскеменге барады. Күтіңіз, иглз!