Медиа тұлғалар Баян Мақсатқызының мемуарын мықтап жарнамалағаны соншалық, менің де оқуға құмарым артты. Сөйтсем, қызығушылық танытқандар қатары аз емес екен...
Дүкен сөрелеріне түскен алғашқы бес күндікте, кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы түгел сатылып үлгеріпті. Продюсер автобиографиялық туындысын қазақ тілінде он мың, орысшасын да дәл осы көлемдегі тиражбен басып шығарған болатын.
Баян ханым өткен сенбіде Астаналық оқырмандарымен жүздесіп, автографсессия ұйымдастырды. Елдің өзге де қалаларында кітабын таныстырмақ жоспары бар. Сатылымнан түскен қаржыны, түгел отбасылық зорлық-зомбылықтан зәбір көрген әйелдердің қоғамдық қорын құруға жұмсамақ.