Танымал жұлдыздар мен қатар халыққа деген тосын сыйды қарапайым жанұяның да жасайтыны бар.
-Рас! Мысал ретінде, Қазақстанның 18 млн-шы тұрғынын дүниеге әкелген ата-ананы айтуға болады... -Айтпақшы, туыла салып танымал болған бұл ырысы мол сәбиді әке-шешесі елге алғаш таныстырды. - Миллионға бір бұйыратын бақыт деген осы шығар...
2017 жылдың 11 мамырында дүние есігін Талдықорғанда ашқан Муслима Саматқызы Қазақстанның 18 млн-шы тұрғыны атанды. Осы үшін Муслиманың ата-анасына 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Қырқынан шыққан соң нәрестеге6 Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Елбасының құттықтауын арнайы жеткізген.
Мамандар Қазақстандағы демографиялық өсімнің жақсарып, өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жеткенін айтады. Өткен жылдың 1 мамырында экономика министрлігінің статкомитеті берген мәліметте, Қазақстанның халық саны 17 млн 753,2 мың адамды құраған екен.
1991 жылы елдегі халық саны 14 млн 300 мыңдай болған. Көрші Өзбекстан да осымен шамалас. Арада 26 жыл өткенде біз 3 млн 700 мың адамға көбейсек, 25 жылда өзбектер 32 млн-ға жетті. Тәуелсіздігін 118 млн халықпен қарсы алған Ресей жұрты қазір 130 млн болып тұр.
Экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жақсару мемлекетіміздегі көп балалы отбасылар санын біртіндеп ұлғайтуда. Демек, 20 млн-шы қазақстандық дүниеге келер күн де таяу деген сенім басым.