Жеке шығармашылығын қайта жаңғыртқан Жеңісханның репертуары су жаңа 3 трекпен толыққан. Алғашқыда қалың көпшілікке R&B бағытында танылған «Төре» бұл жолы тындармандарын поп-рок жанрындағы әндерімен қуантпақ! Ал, оның жеке қолдаушыларын сан түрлі ойға қалдырған мына видео жаңа клиптің тизері екен.
Жеңісхан, әнші, режиссер: -Қатты асып әнші болып кету үшін емес, тек өзімнің тыңдармандарыма 1-2 ән, 1-2 клип сыйлау үшін. Бәрі сөге бермесін мынау өзі әнші, өзі клипмэйкер, бұйырғаны бәрін, үшеуінде алып жүремін деген ойдамын.
Әмбебап өнерпаздың жеке басы әншілік кәсіппен табыс табуға құлықты емес! Өйткені, Жеңісхан жаңа әндерінің коммерциялық жемісті боларына күмәнмен қарайды. Дегенмен, жан-дүниесі музыканы сағыныпты.
Жеңісхан, әнші, режиссер: -Сонау 2000-шы жылдардан бастап табыс тапқан жоқпыз. Сондықтан, қазіргі жазған әнімнен табыс табамын деп ойламаймын. Өйткені кезінде әндерімнен табыс таппай, режиссерлық жағынан көрейін деген оймен кеткенмін. Табысым бәрі жақсы, музыка жүрек үшін, жан үшін!
Әншілік мансабын қайта қолға алған Жеңісхан тойдан табыс таппаса да, режиссерлық өнерінің арқасында қалтасын қалыңдатып жатқаны рас. Жуырда «Төре» толықметрлі жаңа картинаның түсірілімін бастамақ!
Жеңісхан, әнші, режиссер: - Режиссерлыққа келетін болсақ, өздеріңізге белгілі «Бизнес по казахский» деген киноның жалғасы басталып жатыр. Киноның 2-ші аты «Бизнес по казахский в Америке» деп аталады. Соған ең қызу дайындық үстіндеміз.
Бұл картинаның сюжеті қазақ халқының бауырмалдығын баяндайтын оқиға желісіне құрылған. АҚШ-та таспаланатын фильмнің продюсері Нұрлан Қоянбаев.