Жаңа, сапалы бейнебаян - өз деңгейіндегі рухани ләззат және жанға азық. Бірақ, кәдімгі әннің шынайы дәмін татып көруге де болатынын бізге Күншығыс елі үйретпек. Жапониялық компания адамдарға сүйікті музыкасынан дәм татуға мүмкіндік беретін гаджет ойлап тапты.
Squeeze Music аталатын бұл өнертабыс түрлі шырындармен толтырылған. Әннің әуеніне орай коктейль жасалып, музыканың көңіл-күйіне сай тәтті, ащы секілді дәмдер пайда болады.