Мэрайя Кэридің хәлі мүшкіл! Қаржысын есепсіз шаша бергеннен тақырға отырған. Тіпті, дүкеннен азық-түлік алуға ақшасы жетпей қалған. Миллиардерден іргесін ажыратып, қарапайым бишімен көңіл қосқанда мұндай әуре-сарсаңға түсерін неге ойламады екен?!
Мэрайя ханымның Джеймс Пекермен бірге шалқып өмір сүруге әбден бой үйреткені рас! Сондықтан да, сүйіктісімен ажырасқалы жарты жылда барлық жиған-тергенін жаратып үлгерген. Бұған дейін, қазіргі бойфренді Брайн Танакуға сыйлық алуға миллиондарын аямай жұмсайтын еді. Табыс көзі төмендеген бикеш есепсіз шығынын жаба алмай қалып, банкротқа ұшырады. Ендігі күні не болмақ?
Эмили Ратажковскидің де табысы төмендеп кеткен сынды! Ең тартымды сәнбике қалай сұраныс та емес дерсіз! Сылқым шағымын айтты. Оның сөзінше «Көкірегі тым үлкен болғандықтан, жарнамалық компанияларға сирек шақырады» екен. Әсте, фэшн әлемінде тым арық арулардың трендте екенін қызғанғандай.
Артық салмағының жоқтығы – 44 келі Виктория Бэкхем үшін зор мақтаныш! Сәнгердің мінсіз мүсіні төрт баласын өмірге әкелген тұста да өзгерген емес! Тұрақтылық оның жанұялық өміріне де тән! Бүгін, Дэвид екеуі махаббат отын маздатқандарына 18 жыл толуын тойлап жатыр.
Леонардо Ди Каприо Дэвид Бэкхемдей тұрақты емес! Тек, Нина Агдалмен ғана бір жылға жуық махаббат құрды. Дегенмен, өткен айда аралары тез суып, бұл жәйт Нинаны мұңға еш батырмаған еді. Ол Леоның орнын басар жанды тез-ақ тауып алған. Ендігі ойы Кристи Бринклиге келін болу секілді. Актрисаның ұлы Джек Бринкли-Кукпен бірге серуендеп жүрген шағында папарации құрығына түсті.