Айт мерекесінің қарсаңында, жабырқаулы жандардың жүрегін жылытқысы келген Қалаубаева, қымбат туфлиін балалар үйіндегі бейтаныс бойжеткенге сыйлайтынын айтқан-ды! Инста арқылы оқырмандарының алдында ант ішкен Айкерім айтқан сөзінде тұрды ма?!
Алғашқыда Айкерім бұл аяқ киімді инстаграмда ұйымдастырылған конкурста ұтып алған. Байқау талабы бойынша белгілі суретті желіге жүктеп, ең көп лүпіл жинаған қатысушы жеңімпаз атанады. Жүздеген үміткер арасынан Қалаубаеваға сәттілік серік болып, әншіге дәл осы көгілдір түсті туфли бұйырған еді.
Осылайша желі қолданушылары арқасында жеңімпаз атанған Айкерім, құны 72 мың теңгелік туфлиді балалар үйіндегі бойжеткеннің біріне табыстауды жөн деп шешеді.
Айкерім Қалаубаева, әнші: -Бұл аяқ киім биыл мектеп қабырғасын бітіріп, жаңа өмірге қадам басып жатқан аруға сыйланатын болады!
Иә, айтылған сөз - атылған оқ! Айкерім уәдесінде тұрып, әншінің өкілдері балалар үйіне арнайы келді. Туфли Қырмызы есімді қызға табысталса, Қалаубаеваның концерттік көйлектерінің бірі Аида атты аруға бұйырды. Тосын сыйға ие болған қос бойжеткен де, өнерден құр алақан емес екен.
Аида Ефименко, 11-ші сынып оқушысы: -Өте қуаныштымын! Мен өзім биге де, жүргізуші болып әр жерлерге қатысып жүремін. Осы көйлекті сол жерлерге киемін деген ниеттемін.
Қырмызы Қабылбекова, 10-шы сынып оқушысы: -Мен де өзімде ән саламын. Осындай тосын сыйға мен өте қуаныштымын. Менде Айкерім Қалаубаева сияқты болашақта әнші болғым келеді. Және де осы сыйды ұтып алған Айгерім Қалаубаеваға және осыны ұтып алуға ат салысқан баршаңызға рахмет!