Ал, Алматыдағы саябақтардың бірінде камера объективіне іліккен Әсем Нұрсейіт сатушылық қырымен көзге түсті. Қалың көпшілікке дизайнер ретінде танылған бикеш, енді балмұздақ сату бизнесіне бет бұрған секілді!
Сәнгердің әп-сәтте сатушыға айналуы тегін емес! Әсем, Алматыда өткен балмұздақ фестивалінде балаларының көңілін көтергісі келген. Саудаға белсене кіріскен дизайнердің бұл күні қолы жүрді.
Әсем Нұрсейіт, сәнгер: -Мен соңғы 5 минутта бір 2000-дай ақша жасадым! Өте қуанып тұрмын соған. Енді қазір біраз тұрсам тағы да сататын сияқтымын. Балмұздақ сатқан өте көңілді сияқты. Өйткені саған жақындаған адам балмұздақ алғысы келген көңіл-күймен келеді ғой. Сондықтан балмұздақты қуанып бересің!
Балмұздақ – балалық шақтың бал дәмі! Әсемнің жанұясы, жаз шықса дәурені жүретін бұл тәттіні жиі тұтынады екен!
Әсем Нұрсейіт, сәнгер: -Балмұздақты өзім өте жақсы көремін. Балаларыма күнде алып беремін. Өйткені есімде, өзім кішкентай болған кезде, ата-анамыз үйге келгенде балмұздақ күтетінбіз!
Данеля Сәтжанова, А. Нұрсейіттің қызы: -Мама бізге күнде-күнде мороженое алып береді. Мен өйткені мороженоені жақсы көремін!
Бұл күні Марк Корчагиннің де сатушылық қырын байқап көрдік. Көпшілікке цирк өнері арқылы танылған жас өрен, табысқа кенелудің төте жолын тапқандай.
Марк Корчагин, цирк әртісі: -Маған балмұздақ сатушы болған ұнады! Барлық тұтынушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйладым деген ойдамын!
БалмұзDAY – биыл 2-ші мәрте ұйымдастырылып отырған балмұздақ фестивалі! Биыл аталмыш шараға «Ғарыш саяхаты» атты тақырып таңдалып, алаңға 1 тоннадан артық балмұздақ әкелінген.