Kит Харингтон, Эмилия Кларк, Софи Тернерлер «Тақтар таласына» қайта оралды! Телехикаяның жетінші маусымының трейлері таныстырылды.
Вестеростар патшалығының бас тағына таласқа түсетіндер 7-ші маусымда көбейе түспек! Себебі, түсірілім тобы фантастикалық телехикаяның бұрыннан таныс кейіпкерлерін қайта оралтқан.
Джон Сноу ортақ дұшпанның көзін жою үшін, жанындағыларды бірігуге шақырады. Джордж Мартиннің әлі жарық көріп үлгермеген кітабы негізінде таспаланған «Тақтар таласы», бұл жолы жеті ғана бөлімнен тұрмақ. Әдеттегідей, он серияға созуға қажетті материал жетіспеген. Дегенмен, бұл маусымның бюджеті ең қымбат саналады. Рейтингі зор фэнтезидің тұсауы 16 -шы шілдеде кесіледі.