EXPO аясында Леонардо Ди Каприоның Астанаға келетіні анық! «Оскарлы» актер әзірге Кейт Уинслетке жаңа жобасында демеу болып жүр. Идрис Эльбамен «Между нами горы» картинасына түскен актрисаның көрмеген қиындығы жоқ.
Кейт Уинслет, актриса: - Түсірілім жұмыстары «Титаниктен» қарағанда әлдеқайда ауыр болды. Себебі, 3048 метр биіктікте, -38 градус суықта жүріп, таспаладық. Мұздай суға батқан сәттерде «Титаникті» еске алатынмын. Сосын, тау басында түскен селфилерімді Леоға жіберіп отырдым. Маған жаны ашыған кейіптегі смайликтермен жауап қататын.
Киноға кіріспес бұрын, ескі досы Леонардо Ди Каприо: жабайы табиғатта жүріп, түсірімге қатысудың азабын ескерткен екен. «Выживший» фильмі барысында көрген адам төзгісіз қиындықтарын айтып, «Между нами горы» жобасына қатыспауға үгіттеп көрген. Дегенмен, Кейт алған бетінен қайтпады. Актриса, Леомен де бір кинода ойнауды армандайтынын айтады.