Миландағы ерлер сән апталығында, подиумға тек люкс санатты брендтер ғана көтерілді. Prada, Versace, Emporio Armani мен Dolce & Gabbanaлар қатарына бұл маусымда Philipp Plein қосылған. Фэшн кештің ең жарқын тұсы – Пи Диддидің ұлы Кристианның подиумға көтерілген сәті болған сынды!
Доменико Дольче мен Стефано Габбаналардың фэшн әлемге жаңа есімдерді қосуы дәстүр іспетті. Дегенмен, Шон Комбстың ұлын подиумға шығару – ұтымды идея болғаны анық!
Сицилиялық дизайнерлер дуэтінің 2018 жылғы көктем-жаз маусымына арнаған топтамасын Кристиан лайықты жарнамалай алды. Пи Диддидің екінші ұлының сән сахнасына тәж киіп шығуы - «алманың ағашынан алысқа» түспейтінін аңғартса керек. Милленали шеруін ұйымдастырған Dolce & Gabbana жібек маталарды ұтымды ойнатқан!
Жібек кимоно Emporio Armani топтамасынан да табылды. Сән үйі көктем мен жазда ерлер тек жарқын түстерге таңдау түсіруі қажет деп санайды!
Мұнда да подиумға жұлдызды модель көтерілді. Канадалық музыкант Шон Мендестің да бұл сән сахнасындағы дебюті!
Миуччи Прада комикс кейіпкерлерін шынайы өмірге әкелді! Шолақ шалбар, күртеше, комбинезон! Prada – ның келер маусымға арналған топтамасы осы!
Нағыз перформансты Philipp Plein жасаған! Спорт-карлар шеруі, мотоцикл дрифті құдды ер азаматтар қызығушылығының бәрі бір арнаға тоғысқандай. Сән үйі жарты жыл бұрын «ең сымбатты қылмыскер» Джеррими Миксті бет-бейнесі ретінде таныстырған-ды! Ол Миландағы көрсетілімнің де шымылдығын түрді.