Сәнқой селебритидің бәрі люкс брендтердің киімі үшін қалтасын жұқартуға құлықты емес! Олар 5000 теңгелік көйлекті киюден де қашқақтамайды. Тек, «арзанның маржанын таба алатындай талғам болуы», - қажет дейді олар! Масс-маркеттен киінетін жұлдыздар кімдер?
Фейк – көрсең «ат тоныңды ала қаш»! Аузын айға білеген брендтердің арзан көшірмесі сіздің талғамсыздығыңыздың айқын көрінісі, - дейді сәнқойлар мен стилистер. Масс – маркетке бағытталған дизайнерлік киімдерді подиумға шығарған біздегі танымал сылқымдар да бұл пікірмен келіседі. Қымбатқа құныға бермей, қарапайым дүкен сөрелеріндегі бірегей дүниелерге де көз тастауға шықырады.
Майя Веронская, тележүргізуші: – Кәдімгі қолжетімді дүкендерге кіріп, өзімізге ұнаған заттарымызды ала береміз. Онда тұрған ештеңе жоқ. Ол менің дене бітіміме сай болса, көзіммен түстес болса неге алмасқа?!
Екатерина Краснова , тележүргізуші: – Масс – маркетке бағытталған брендтің белдемшесін 5000 теңгеге сатып алып, қуанып жүре беремін. Дәл солай 500 мың теңгенің дүниесін еш ойланбастан сатып алуға бармын! Бастысы, жарасымды болуы керек.
Жарасымды дүниені жазбай тануға да машықтануың тиіс, - дейді сылқым! Өзі талғамын қалыптастыру үшін сән журналдарын оқып, соңғы тенденцияларды үнемі бақылап отыруды әдетке айналдырған.
Екатерина Краснова, тележүргізуші: – Бала күнімде ата-анам қандай киім сатып алып берсе де, іліп алып жүре беретінмін! Қазақстандағы ең сәнді сылқымдардың қатарына талғамымды шыңдау арқылы жеттім. Егер, талғамыңыз көңіліңізден шықпаса стилист жалдаңыз.
Қолжетімді бутиктегі киімнің бағалы көрінетінін таңдау маңызды. Тігісі жатық, пішімі дұрыс болғанын қадағалаңыз. Арзан дүние классикалық түстерден тұрғаны абзал.