«Көліктер – 3» қазақ тіліне аударылған жиырмасыншы Голливудтық картина! Мультфильм тұңғыш уик-эндте -ақ прокаттың көшін бастайды деген болжам айтылуда. Киномандар асыға тосқан туындыны алғашқылардың бірі болып - Бауыржан Байбек отбасымен тамашалады.
2011 жылы дәл осы «Көліктер» сиквелі шыққан тұста, «Диснейдің» үздік туындыларын мемлекеттік тілге тәжімалау басталғанды. Сол сәттен бері балаларға арналған жиырма туындыны қазақша сөйлету үшін 15 миллион доллар қаржы жұмсалған. Дубляждаушылар ең бастысы фильм тілінің жатық, ойдың жеңіл жетуі, кейіпкерлердің шынайы сөйлеуіне баса мән береді.
Айжан Жәмшитова, дубляж режиссері: – Сөздің екпіні дұрыс болмай қалса, қажет жерде әзіл шықпай қалса, қажет жерде сөзден сөз шықпай қалса, онда кино қызықсыз болады. Киноны түсірген режиссерді, ол киноны түсіне білу.
Ұшқыр көлік Найзағай Маккуинді түпнұсқада Оуэн Уилсон дыбыстайды. Дмитрий Харатьян жеңіліс дәмін татып көрмеген темір тұлпарды орысша сайратқан жан. Украинада бұл рөл - Остап Ступкаға бұйырған. Қазақшаға тәжімалаған – Нышанбек Жұбанов. Актер бізге - «Метод орыстар» телехикаясы арқылы таныс.
Мәдина Сәдуақасова, әнші: – Қазақша шыққан сияқты алғашында. Тура ондай әсер болды. Бізге жақын тілде айтылды. Дауыстары өте жата қалды. Нағыз әртістер.
«Дисней» бұдан былай анимациялық туындылар барысында кезігетін ағылшынша сөздерді мемлекеттік тілге аударып, арнайы суреттер салатын болады. Бұл тілі, музыкасы ғана емес енді бейнесі да қазақшаланады деген сөз.